Алматыда кісіпкерді тонаған қарақшылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кісіпкерді тонаған қарақшылар ұсталды

Алматыда кісіпкерді тонаған қарақшылар ұсталды

 Алматыда "Мега Алма-Аты" сауда орталығы артындағы үйлердің бірінің маңында кәсіпкерге қарумен қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен үш ер адам ұсталды.

  • 6 Наурыз 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz


Жұма күні қалалық полиция мәлімдегендей, күдікті ретінде Жамбыл облысының тұрғындары түнде ұсталып, жауап  беруде.
Ұсталғандар арасында кәсіпкерге жүргізуші болып жұмыс істеген адам бар. Өз жерлестеріне ақша туралы сыбыс берген де діл сол болып шыққан. Ұрланған ақшаның жартысы қайтарылды, қалғанын қаскөйлер жұмсап  үлгерген. 
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні кешкісін төлем терминалдарының бірінен ақша алған кәсіпкерді белгісіз үш адам травматикалық қарудан оқ атып, 500 мың теңге салынған сөмкесін алып кеткен.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.