Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Сот Лесниковты адам зорлау, кісі өлтіру, адам ұрлау сияқты ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп таныды. 
31 жастағы Лесниковтың ең ауыр қылмысы - Рудный қаласының жеті жасар тұрғынының қанын мойнына жүктегені болды. Жоғалған қызды еріктілер, полицейлер іздестірді. Ол уақытта қылмыскер ауыр қылмысы үшін түрмеде жатқан болып шықты. 
Тергеушілер колониядағы Лесниковтан жауап алғанда, ол тағы да үш адамды өлтіргенін мойындады. Алайда ол сот тергеуі кезінде тергеу барысында берген айғақтарынан бас тартты.
Сот жабық режімде өтті. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы прокурордың талабы қанағаттандырылды.

Фото - Caravan.kz