З.Дияс ҚР Президентіне әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіруге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
З.Дияс ҚР Президентіне әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіруге уәде берді

З.Дияс ҚР Президентіне әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіруге уәде берді

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында теннисші Зарина Дияс Елбасына әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіруге уәде берді.

  • 6 Наурыз 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz


«Бірде мен сіздің ойыныңызды тамашаладым. Ал одан кейін теннисті, гольф пен тау шаңғысын насихаттаған сұхбатыңызды оқыдым. Жалпы, салауатты өмір салтын ұстануда мен Сізді үлгі тұтамын. Мен әлемнің көптеген елдерінде болып, қатарластарыммен араласып тұрамын. Сондықтан жастар үшін Қазақстаннан артық ел жоқ екендігіне көзім анық жетеді. Теннисші ретінде Сіздің бэкхендіңіз Рафаэль Надальдің бэкхендіне ұқсас екендігін атап өткім келеді. Мен әлемнің үздік он теннисшісі қатарына кіріп, Уимблдонды жеңіп алу үшін тынымсыз жаттығатындығыма уәде беремін. Барлық жеңістерімді Сізге арнаймын», — деді З.Дияс.