Сенат «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» өзгертілген заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» өзгертілген заңды қабылдады

Сенат «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» өзгертілген заңды қабылдады

Мұнай бағасы 30 долларға дейін түссе де Үкіметтің жоспары дайын. Ықшамдалған бюджет жобасын бүгін Сенатқа әкелген министрлер әлемдегі қаржылық қиындықтарға байланысты қандай жағдайға да дайын отыру керек деп отыр. Өйткені, қара алтын құнының бұған дейін 2 есеге арзандауынан өздері де басты қаржылық құжатты қайта есептеуге мәжбүр болған.

  • 7 Наурыз 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бүгін Сенатқа Министрлер кабинеті толық құраммен жиналды. Әдетте тек орынбасаларын ғана жіберетін министрлердің өзі бюджет туралы заңға келгенде өте сақ. Өйткені, құжатқа ондаған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Жаңа бюджет жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев экономиканың даму жоспарын тұтасымен қамтыдық деп отыр. Әсіресе, отандық автокөлік өндірушілерді қолдауға, әлеуметтік нысандар салуға миллиардтаған қаражат қарастырылған. Үкімет тіпті әлемдік нарықта қара алтын бағасы 30 долларға дейін түсіп кетсе, тығырықтан шығатын жолдарды қарастырып қойдық дейді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Ағымдағы жылдың басынан бастап мұнайға әлемдік бағаның 2 еседен аса төмендеуін және одан әрі нашарлау ықтималдығын ескере отырып, мұнайдың бір баррелінің бағасы 50,40,30 АҚШ долларына дейін жеткенде және металлға баға индексінің 5 пайызға төмендеуі кезінде Қазақстанның даму болжамын әзірледі.