Алматыда жаңа қазақстандық фильмнің премьерасы өтеді - ВИДЕО
Алматыда «Арман» кинотеатрында ағымдағы жылдың 9 наурызында «Оралу» (Дорога домой) фильмінің премьерасы өтеді. Фильм режиссері - Рашид Сүлейменов, деп хабарлады қала әкімдігінің мәдениет басқармасынан.
8 Наурыз 2015
457
Фото - Caravan.kz
Қазақстанға келген басты кейіпкерді күтпеген жаңалықтар мен тағдырлы кездесулер күтіп тұр. Бұл оқиғалар оның қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасын өзгерте алады.
Басты рөлдерде жас та болса танымал белгілі киноактерлер Санжар Мәдиев пен Аружан Жазылбекова ойнады.