«Көктем мерекесі! Бұл күнді бәріміз асыға күтеміз. Бұл күнде еліміздегі ер азаматтар жан жылуын сыйлайтын нәзік жандыларды құттықтайды. Қазір әйел-аналарымыз өмірдің қай саласында болмасын белсенділік танытып, зор жетістіктерге жетіп отыр. Бұл, біз үшін үлкен мақтаныш. Осы тұрғыда мен, Елбасының сарабдал саясатының арқасында әлі де талай асуларды бағындырып, асқар шыңдарға шығатынымызды зор сеніммен айтқым келеді. Олай болса, нәзік жан иелері, Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін!», — деп жазады ақын.