Биылғы «Жастар жалыны-2015» фестивалі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында шығармашыл жастардың басын қосып отыр.
11 наурызда «Эстрадалық және халық әндері» және «Халық билері» номинациялары, «Астана — жүрегімде!» тақырыбында «Поэзия» номинациясы, «Астана — келісім және бейбітшілік қаласы» тақырыбында «Үздік блогер» номинациясы бойынша 9 команда өзара сайысқа түсті. Ал 12 наурызда «Жеңісті жақындатқан күн» тақырыбында «Үздік студенттік театр» номинациясы, «Бес жарым ғасыр жырлайды» тақырыбында «Айтыс», «Студенттің бір күндік өмірі» тақырыбында «Үздік бейнеролик» номинациясы және «Үздік селфи», «Көркемсурет» номинациялары бойынша және 9 команда жарысқа түсті.
Жалындаған елордалық таланттардың жаңа белестерді бағындыруға деген ынта-жігерлері биыл да ерекше.
Биылғы жылға дейінгі екі кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейде өткізілген түрлі жобалар мен конкурстарда да топ жарып өнер жолын бастап кетті. Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарындыларын анықтап, қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласуын ықпал етуді көздейтін «Жастар жалыны» жобасы өз мақсатын толықтай орындауда деп айтуға болады.
«Жастар жалыны-2015» фестивалінің қорытынды гала-концерті 16 наурызда сағат 18.00-де елордадағы «Жастар» сарайында өтеді.
Фестиваль жеңімпаздары Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева, «Орда» тобы сынды эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді.