сәрсенбіде Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Людвиг Минкустың музыкасына "Дон Кихот" балет қойылымын көрсетеді.
"Наурыз мерекесі алдында біз көрермендеріміз, оңтүстік астананың балет бағалаушылары үшін "Дон Кихотты" көрсетелік, деп шештік. Көрермендеріміз шақырылған жұлдыздардың керемет техникасын көре алады. Қойылым қызықты болмақ”, деді "Art Classic" компаниясының директоры Данияр Шманов.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, қойылым үш көріністе болмақ. Прима-балерина А.Цыганкова алматылық тетр сахнасына алғаш рет шығады, ал В.Мунтагиров болса өткен жылы қазан айында ол театрда Петр Чайковскийдің "Лебединое озеро" балетінде өнерін көрсеткен.
"Маған "Дон Кихоттағы" Базильдің партиясын билеген ұнайды. Ол лирикалық ханзада емес, Ромео емес. Сахнаға Анямен алғаш рет бірге шыққалы отырмын. Көптеген әріптестер онымен бірге шыққан жеңіл, деп айтады, сол себепті мен алаңдамаймын”, деді В.Мунтагиров.
"Біздің міндет, спектакльді жандандыру, ал әріптесім үшін еш алаңдамаймын”, деді өз кезегінде А.Цыганкова.
В.Мунтагиров пен А.Цыганкова балет "Оскарына" саналатын "Dance open" иегерлері.




