Астанада сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы қойылады

Астанада сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы қойылады

Бұл туралы «Астана-Опера» театрының баспсөз қызметі хабарлады

Басты партияларда өнер көрсететін қазақстандық белгілі опера әншілері: Бiржан - мәнерлі тенор Мейір Бәйнешов, Сара - тамаша даусы сахнадағы ойнау шеберлігімен ұштасқан ҚР

  • 19 Наурыз 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Басты партияларда өнер көрсететін қазақстандық белгілі опера әншілері: Бiржан — мәнерлі тенор Мейір Бәйнешов, Сара — тамаша даусы сахнадағы ойнау шеберлігімен ұштасқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Жарқымбаева. Қызғаншақ Алтынайдың партиясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жарқыраған опера әншісі Бибігүл Жанұзақ, Аналықтың партиясын сезімталдығымен көрерменнің жүрегін қозғайтын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина асқан шеберлікпен шырқайды. Естайдың рөлінде — Нарұл Тойкенов. Жанбота — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, Жиенқұл — жас баритон Талғат Ғалеев, Серік — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин,  Қожағұл —  Ескендір Әбжанов.

 «Біржан-Сара» операсының сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өтсе де, ол бүгін де ұлттың және жалпы адамзаттың мәдени-поэзиялық тәжірибесінің синтезінен туындаған  сарқылмас өнердің күш-қуаты ретінде мысал болып қала береді.



2 

3

Перейти к новостям спорта