Бұл туралы аталмыш министрліктің сайтында хабарланған. Фестиваль Наурыз мерекесіне арналып отыр.
Шараның аясында концерттік бағдарламалар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламаларға шетелден шақырылған педагогтар, сондай-ақ жергілікті бишілер қатысады.
Мұнда Қазақстаннан өзге АҚШ, Франция, Германия, Бельгия, Польша, Украина, Түркия, Норвегия, Италия, Грузия және тағы басқа елдерден шақырылған би мамандары өз өнерлерін ортаға салады.
Атап өтейік, мұндай алғашқы фестиваль алғаш рет 2014 жылдың наурыз айында өткен.