Мәдениетке бөлінетін қаражат 33 пайызға арттырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениетке бөлінетін қаражат 33 пайызға арттырылды

Мәдениетке бөлінетін қаражат 33 пайызға арттырылды

Қазақстанның мәдениет саласына бюджеттен бөлінетін қаражат 33 пайызға арттырылды.

  • 30 Наурыз 2015
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Мәңгілік ел — елдің біріктіруші күші» атты Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымы форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Мәңгілік ел» ұғымы жай айтылған сөз емес. Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазақтың қанша ғасырлар бойғы тарихы бар, өз құндылықтары бар. Біздің ендігі мақсатымыз — қазіргі халықаралық жағдайларды ескере келе, осы құндылықтарымызды елімізде ғана емес, дүние жүзіне насихаттауымыз керек, түсіндіруіміз керек. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет мәдениеттің дамуына көп көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасы бойынша, мәдениет саласына бөлінетін қаржы көбейтіліп отырады. Соңғы жылдың өзінде бөлінген қаржы 5 млрд. теңгені құрады немесе 33 пайызға артты. Осындай қаржының арқасында жыл сайын музей, кітапхана мен өзге де мәдени нысандардың саны артып келеді», — деді Б.Сапарбаев.

Айта кетейік, «Мәңгілік ел — елдің біріктіруші күші» атты Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымы форумына республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық зиялы қауым өкілі келді. Олардың ішінде көрнекті мәдениет, өнер, ғылым, қайраткерлері, жазушылар, мәдениет, шығармашылық және білім ұйымдарының басшылары бар.


Перейти к новостям спорта