ҚХР билігі Бейжің қаласын негізгі ластаушылар ретінде көліктерді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР билігі Бейжің қаласын негізгі ластаушылар ретінде көліктерді атады

ҚХР билігі Бейжің қаласын негізгі ластаушылар ретінде көліктерді атады

Бейжіңді негізгі ластаушылар - көліктер.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Цзянсу провинциясы Уси қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚХР қоршаған орта министрінің орынбасары У Сяоцин мәлім етті.

«Қытайдың 9 қаласында жүргізілген зерттеу Бейжің, Гуанчжоу, Ханчжоу және Шэньчжэнь қалаларын негізгі ластаушылар моторлы көлік құралдары екенін көрсетті», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың соңындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қытайда 264 млн моторлы көлік пайдаланылады. Оның 154 млн-ы — автомобильдер. Бұл көрсеткіш бойынша ҚХР АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Аспан асты елінің астанасының жолдарымен шамамен 5,6 млн автомобиль жүреді. Орташа алғанда 100 жанұяға 63 көліктен келеді.


Шанхай, Тяньцзинь және Нинбо қалаларының негізгі ластаушы көздері — шаң-тозаң мен өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары. Ал Шицзячжуан мен Нанкиннің ауасын көмірдің жануы ластайды екен.

Бір жыл ішінде Қытайдың өзге 26 ірі қаласы бойынша нәтижелер белгілі болады.