Airbus A320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден екінші «қара жәшік» табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Airbus A320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден екінші «қара жәшік» табылды

Airbus A320 ұшағы апатқа ұшыраған жерден екінші «қара жәшік» табылды

Францияның Альпі тауларында апатқа ұшыраған Germanwings әуекомпаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағының екінші «қара жәшігі» табылды.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Марсель прокуроры Брис Робенге сілтеме жасай отырып bbc.co.uk хабарлайды.

Кабинадағы ұшқыштардың әңгімесі жазылған алғашқы «қара жәшік» апат орын алған соң көп ұзамай-ақ табылған болатын. Ондағы жазбалар бірінші ұшқыш кабинадан шығып кеткен кезде екінші ұшқыш — Андреас Любиц есікті мықтап жауып, Барселонадан Дюссельдорфқа бет алған ұшақты тау шатқалдарына бағыттағанын растайды, деп жазады 24.kz.

Ал германиялық ізкесушілер қайғылы жағдай орын алғанға дейін Любицтің өзін-өзі өлтіру жолдарын іздеп және ұшқыш кабинасының есігін аша алмастай етіп жабудың тәсілдерін зерттегенін айтқан болатын. Олар мұны оның планшетті компьютерін тексерген соң анықтаған. Негізі екінші «қара жәшік» ұшақтың техникалық жүйесін қадағалап отырады.