Ер адамдар энергетикалық сусынды сыпырып ішеді, ол энергия бермейді, керісінші біртіндеп өлтіреді - маман - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адамдар энергетикалық сусынды сыпырып ішеді, ол энергия бермейді, керісінші біртіндеп өлтіреді - маман

Ер адамдар энергетикалық сусынды сыпырып ішеді, ол энергия бермейді, керісінші біртіндеп өлтіреді - маман

Уролог-андролог Ернұр Айнаев журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, энергетик сусындардың зияны туралы бар шындықты айтты.

  • 22 Мамыр
  • 1
Фото: Instagram/janar_baisemiz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Маманның пікірінше, энергетик сусындар адамға энергия бермейді, керісінше денсаулыққа көп зиян келтіреді.

«Мен кола ішпеймін. Энергетикалық және тәтті сусындар, тәтті қосылған суық шай ішпеймін. Бала күнімде аудан орталығында пепсиколаның автоматы тұратын. Соны қатты ішкім келетін. Сәбет одағының кезі-ау деймін. Сол кезде кеңес елдерінің бірінде шығарса керек. Мамам, оны ішуге болмайды деп айтатын. Неге, деген сұраққа, болмайды деген соң болмайдыны естисің. Сол болмайды менің миымда мықтап орнаған сияқты.

Соңғы кезде ер адамдар энергетикалық сусындарды сапырып ішетін болды. Ішпеңіздерші! Бұлар энергия бермейді. Керісінше біртіндеп өлтіреді», — деп жазды ол.