Хуситтер Йемен президентінің сарайын басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хуситтер Йемен президентінің сарайын басып алды

Хуситтер Йемен президентінің сарайын басып алды

Бейсенбі күні Йеменнің Аден портты қаласында орналасқан "Эль-Маашик" президент сарайын хуситтер басып алды, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысының резиденциясы Мансұр Хадиді жақтайтын қала тұрғындарымен болған атыстан кейін басып алынған.

Айта кетейік, Йеменде бір аптадан бері әскери операция жүріп жатыр. Онда ел президентін жақтайтын Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағы елдерінің әскери күштері әрекет етуде. Олар көтерілісші хуситтердің қарамағына өткен елдің басым территориясын қайтарып алмақ.