Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды.
Алдымен ол облыстағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде салынған 320 орындық көпбейінді аурухана жұмысымен танысады.
Бүгін президент Ақтөбе рельс зауытының ұжымымен кездеседі. Зауыт жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна түрлі сұрып өнімдерін шығарады.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев «Accent Logistics» ЖШС-нің көлік-логистика орталығына атбасын тірейді. Онда агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған көрме ұйымдастырылған. Содан соң жаңадан бой көтерген үш қабатты «City Shopping Center» сауда ойын-сауық орталығы"нда болып, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездеспек.