ШҚО полицейлері жоғалған 25 жылқыны тәулік өтпей тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО полицейлері жоғалған 25 жылқыны тәулік өтпей тапты

ШҚО полицейлері жоғалған 25 жылқыны тәулік өтпей тапты

1 сәуірде ШҚО-дағы Аягөз ауданының полициясына жергілікті шаруа қожалығының басшысы келіп, Бидайық ауылына жақын орналасқан жайылымнан бір табын жылқысы жоғалғанын хабарлады. Келтірілген шығын 4 миллион теңгеге бағаланған.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Шаруа қожалығының жұмыскерлері 25 жылқының жоғалуы 25 наурызда анықтаған, бірақ жоғалған малды бір апта бойы өздері іздеген.

Аягөз АІІБ-де қылмыстық іс қозғалып, учаскелік және жедел қызметкерлерден үш іздеу тобы ұйымдастырылды.

Тәулік бойы ауданның жетуге жолы қиын жерлерінде мобильдік іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде барлық 25 жылқы шатқалдардың бірінен табылып, шаруа қожалығына қайтарылды.