Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр

Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр

Астана қаласының Білім басқармасы, Астанадағы «Pearson» компаниясының өкілдігі және Ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымы қалалық мектептер мен балабақшалар арасында

  • 3 Сәуiр 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


бесінші қалалық «EnglishTheatreFestival» ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалін өткізуде. Фестиваль 2015 жылдың 2-8 сәуірі аралығында өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Қойылымдарды Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астанадағы шетелдік елшіліктердің өкілдері, шығармашылық қызметкерлер, қалалық театрлардың актерлері, тәжірибелі ағылшын тілінің мұғалімдері, Астанада жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдерден құрылған қазылар алқасы бағалайтын болады.

Фестивальдің мақсаты — балалар мен оқушылар арасында театр өнерін дамыту және насихаттау, сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Фестиваль Астанада бесінші рет өткізіліп отыр, оған қаладағы 20-дан астам мектеп пен 9 балабақша қатысып отыр. Балалар 4 жас санаты бойынша бақ сынасатын болады: 5-7 жас аралығындағы балалар, 7-10 жастағы мектеп оқушылары, 11-14 жастағы және 15-18 жастағы балалар. Ұйымдастырушылар осындай сайыстар балалардың шығармашылық дағдыларын арттырып, ағылшын тілін жетік меңгеруге көмектеседі деп есептейді.