Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наурыз айында Ресейде өндірілген сүт өнімдерінен 337 сынама алынған. Оның 82-сінен аталған бактериялар табылыпты. Атап айтсақ, ішек таяқшалары “Вимм-Билль-Дан” ААҚ шығарған “Ламбер” ірімшігінен табылған. “Верховский молочно-консервный завод” ЖАҚ өндірген “Сливочки сгущенные с сахаром Славянские” сондай-ақ, “Главпроудкт” компаниясының қойылтылған сүтінен микроорганизмдер табылды.
“Домик в деревне” сүтінде құрғақ сүттің көптігі анықталса, “Фруттис” йогуртының физикалық-химиялық талаптарға сай еместігі белгілі болды.
Тенксеру нәтижесінде 2 тонна 529 литр сүт өнімдері дүкен сөрелерінен алынып тасталды.
Әсіресе, "Вимм-Билль-Данн", "Верховский молочно-консервный завод", "Компания Юнимилк", "Данон Индустрия" сынды компаниялардың өнімдері талаптарға сай болмай шықты, делінген хабарламада.