дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.
«Мен экономист ретінде, егер біртұтас валютаға көшетін болсақ, қазір де, одан кейін де елдің экономикалық әлеуетінің әлсіреуіне әкеп соқтыратынына сенімдімін», — деп Р.Ошақбаев бүгін Алматыда кәсіпкрелер форумы үзілісінде журналистерге атап көрсетті.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық емес, саяси одақ екенін айқын белгілеп берді.
Сондықтан мен мұндай бастамалардың қазір де, кейін де келешегі жоқ. Біз түрлі салада – макроэкономикалық, ақша-кредиттік, монетарлық саясатта өз саясатымызды үйлестіргеннен кейін барып қана валюта одағын құру туралы айтуға болады.
Р.Ошақбаев біртұтас валюта енгізу ЕАЭО келісімшартында қаралмағанын айтты.