Семейдің биологиялық орталығына жаралы аққу тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің биологиялық орталығына жаралы аққу тапсырылды

Семейдің биологиялық орталығына жаралы аққу тапсырылды

Қанаты зақымданған құсты Жарма ауданының тұрғыны әкелген.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 235
Фото - Caravan.kz

Өзге аққулардан қалып қойған жабайы құс Балықтыкөл елді-мекеніндегі ауланың бірінде тұрақтапты. Адамдар берген аспен қоректенбеген соң, ол биологиялық орталыққа жеткізілді. Қазірде қызметкерлер Қызыл кітапқа енген құсты мұнда бұған дейін мекендеп жүрген аққудың жанына қосыпты. Біраз уақыт ішінде құс әл жинап, жарасы жазыла бастаған. Бір айтары, жаңадан келген аққу өз тұқымдасымен орынға да, қорекке де таласпай, тату екен. Сондықтан мамандар орталықта болған аталық аққуға аналық табылды деп топшылайды.

Айзада Қалибекова, Семей қалалық биологиялық орталығының бөлім меңгерушісі:

-Ең алғашында далаға шыққан кезде оларды біз таза ауаға қыдыртуға шығарамыз ғой. Біз ойладық ол адасып, демалатын орынды таба алмайтын шығар деп. Жоқ, біздің аққу оны жетектеп апарғандай, қасында еріп жүрді. Биологиялық орталықта қалып, келешекте біз бұлардан ұрпақ аламыз деп үміттенеміз.