Әбілғазы Құсайынов жұртқа суды үнемдеуді үйретпек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбілғазы Құсайынов жұртқа суды үнемдеуді үйретпек

Әбілғазы Құсайынов жұртқа суды үнемдеуді үйретпек

Ал келесі үміткер Әбілғазы Құсайынов “Қызылжар су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы мұнда тіршілік көзін бейберекет шашпауға үгіттеді.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 161
Фото - Caravan.kz

Коммуналдық шаруаға бет бұрған Құсайынов суды ретімен пайдалануға шақырды. Қоршаған ортаға қамқорлық танытып жүрген ол су тасымалдаушы мекемені аралап, қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен де танысты. Сайлауда жеңген жағдайда Құсайынов экологияға баса назар аударғалы отыр.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Адамның табиғатқа деген ұқыпсыз қарым-қатынасын уақыт талабы ретінде қарауға болмайды. Адамның тіршілік әрекеті жүздеген жылдар бойы тек бүлдіруге бағытталды. Егер енді жасампаздық дәуіріне өтпесек, әлемді экологиялық апат күтіп тұр!