Коммунист Сыздықов енді порно фильмдерге қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммунист Сыздықов енді порно фильмдерге қарсы шықты

Коммунист Сыздықов енді порно фильмдерге қарсы шықты

Тұрғын Сыздықов порно фильмдерге қарсы шықты. Президенттік тақтан дәмелі үміткер бұтында лыпасы жоқ әртістердің ойынын қарамауға шақырды.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Мұндай кеңесті ол тігін фабрикасының қыз-келіншектеріне берді. Бірінші боп әйелдерді тәрбиелеуге кіріскен коммунист қыздарды әдепсіздіктен сақтандырып қана қоймай, дүниеге дені сау бала әкелу үшін бұдан былай фастфуд жемеуге үгіттеді. Үміткердің пікірінше, тез тамақ дайындайтын өндірушілердің өз рецептін қатаң құпия ұстауы тегін емес. Қостанайдағы аты аңызға айналған «Большевичка» фабрикасының тігіншілері Тұрғын Сыздықовты мұқият тыңдап, кандидаттың кеңестеріне құлақ асуға келісті.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Авторлардың көбі өз шығармаларының қоғамға зиян екенін мүлде ойламайды- ау! Бұл біріншіден, қоғамға моральдық жағынан қауіпті.