Алматылық ақсақалдар Назарбаевтың қайта сайланғанын қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық ақсақалдар Назарбаевтың қайта сайланғанын қалайды

Алматылық ақсақалдар Назарбаевтың қайта сайланғанын қалайды

Елбасыны қайта сайлау – есті таңдау! Алматы ардагерлері елді қазіргі Президенттің өзі басқарса дейді. Көшбасшыға көңілі толған ақсақалдар Қазақстанның келешегі үшін тек осындай шешім дұрыс деп отыр.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 232
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сенімді азаматтар бұл пікірін кандидаттың өкілдеріне ашық айтты. Еліміздің ғылымы мен біліміне, мәдениеті мен өнеріне өлшенбес үлес қосқан қауым бірауыздан тек бір үміткерді ғана қолдайтындықтарын жеткізді. Ол – мемлекеттің қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгідей құбылмалы заманда елге есті адам қажет деп отыр ақсақалдар. Сондықтан, сайлауда халықтың да дұрыс таңдау жасайтындықтарына сенімді.        

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері:

-Басшысы кемел ел озады деген. Біздің еліміз, Қазақстанымыз осы басшымыздың кемелдігі арқасында озып отырмыз. Менің таңдауым ол біреу – ол біздің Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасымыз!