Павлодарда 6 жасар ұлына трактордың тізгінін ұстатқан әке жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 6 жасар ұлына трактордың тізгінін ұстатқан әке жазаланды

Павлодарда 6 жасар ұлына трактордың тізгінін ұстатқан әке жазаланды

Ойыннан от шықты! Павлодарда 6 жасар ұлына трактордың тізгінін ұстатқан әке жазаға кесілді. Құрылыс аумағында ауыр техниканы кішкентай балаға жүргізуге рұқсат берген азамат 20 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Мына кадрларда қаршадай баланың алты тоннадан асатын машинаны еш қиындықсыз өзі жүргізгені анық көрінеді. Бейнеролик ғаламторда 31-ші наурызда пайда болған. Мұны көре сала полицейлер де жауапсыз әкені іздеуге кірісіпті. Шарбақты ауданының тұрғын да көпке ұзамай табылған. 34 жастағы азамат қаршадай ұлын құрылыс аумағына ертіп әкеліп, трактор тізгінін ұстатқан. Заң бұзған тұрғынға полицейлер айыппұл салумен ғана шектелді.