Атырауда мал ұрлаушылар қылмыс үстінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мал ұрлаушылар қылмыс үстінде қолға түсті

Атырауда мал ұрлаушылар қылмыс үстінде қолға түсті

Үйір жылқы атыраулық полицейлерді үш күнгі ұйқысынан айырды. Бір түнде 15 бас малынан айрылған жергілікті тұрғын жылқыларын өзі іздестіргенмен, нәтиже шықпай, полицияға арыз түсірген.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Осы іске қатысты арнайы құрылған жедел топ жылқыларды сол күні-ақ тауыпты. Бірақ айдаладағы құрылысы бітпеген нысан ішінде қамаулы тұрған үйірді ешкім іздеп келмеген. Тек арада үш күн өткенде оралған үш ұры жылқылардың аяқтарын байлап жатқанда ұсталды. Барымташылар осы үш күн бойы етін алатын клиент іздеп тапқан. Осылайша ұрланған мал иесіне қайтарылды. Ал барымташылардың басшысы бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған екен.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық  ІІД баспасөз хатшысы:

-Оның қасындағылардың бірі өзінің жиен туысы, енді бірі қала шетінде орналасқан Курилкин селосының 1984 жылғы туылған тұрғыны болды. Ұсталғандар уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.