Алматыда колледждегі жойқын жарылысқа қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда колледждегі жойқын жарылысқа қатысты сот басталды

Алматыда колледждегі жойқын жарылысқа қатысты сот басталды

Бүгін Алматыдағы Сән және дизайн колледжінде болған жойқын жарылысқа қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталды. Жарты жылға жуық тергелген іс бойынша процесс жабық өтуде. Айыпталушы орындығында 3 адам. Олар – алғашқы әскери дайындықтан сабақ берген Ғабит Қарабалаев пен оған дейін осы жұмысты істеген Юрий Гавриленко  және Серікбай Баймолдинов.

  • 4 Сәуiр 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Үш ұстазға «заңсыз қару-жарақ сақтады» деген баппен айып тағылып отыр. Бірақ алғашқы сот отырысы негізінен істі таныстырумен өтті. Белгілі болғандай, жарылыста жараланған жасөспірімдердің ата-аналары мұғалімдерді кешірген. Айтуларынша, абайсызда болған қайғылы оқиғаға бұлардың қатысы жоқ. Десе де соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Оқыс оқиға былтыр қараша айында болған еді. Колледждің студенттері алғашқы әскери дайындық сабағында отырғанда, оқу құралы ретінде пайдаланған граната жарылып кеткен болатын. Салдарынан 13 студент жараланып, 1 қыз қаза тапты. Ол – 16 жастағы Светлана Яковлева.