Алайда олар бұған білімдерінің жетіспеуі салдарынан емес, жасөспірімдердің арасында есірткі саудалаған қылмыстық желіні әшкерелеу мақсатымен барған.
The News York Post газетінің хабарлауынша, іс-қимылдар сегіз ай бойы бірнеше мектепте жүргізіліп, өте табысты болып шықты. Құқық қорғау органдары еліртетін у сатқан жоғары сыныптардың алты оқушысын қамауға алды. Ұсталғандар 17-18 жастағы азаматтар болып шықты. Оларды тексеру кезінде кокаин, марихуана және синтетикалық есірткінің үлкен көлемі анықталды.