Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері жалақысын көтеруді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері жалақысын көтеруді талап етті

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері жалақысын көтеруді талап етті

Ақтөбедегі жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері жалақыларын өсіруді талап етіп отыр. Себебі, жыл басынан бері қосымша жұмыс сағатына қосылатын ақшалары қысқарып қалыпты. Есесіне бір күн жұмыс істеп, 3 күн демалса, қазір керісінше болған.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бүгін олардың арызы бойынша еңбек инспекторларынан бастап, кәсіподақ өкілдері мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары осында жиналды. Бірақ олар күні-түні еңбек ететін дәрігерлер мен жүргізушілердің талабын құптағанымен, тек ақыл айтумен шектеліп отыр. Қазірде Ақтөбе қаласының 500 мыңнан астам тұрғынына жедел жәрдемнің не бары 26 бригадасы қызмет көрсетеді. Ал көлік жөндейтін орын мен мамандар мүлдем жоқ.

Серік Жұмабаев, Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекетінің көлік жүргізушісі:

-Айлығымыз аз.Бұрын тәулігіне  жұмыс істегенде 80-90 мыңға баратын еді. Қазір 60 мың . Бұған көңіліміз толмайды.