Алматыда Мажарстан киноларының фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Мажарстан киноларының фестивалі өтеді

Алматыда Мажарстан киноларының фестивалі өтеді

Алматыда 24-26 сәуір аралығында Мажарстан киноларының фестивалі өтеді. Бағдарламаға соңғы жылдары жарық көрген венгрлік үздік фильмдер еніп отыр.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

Шараны Мажарстанның Алматыдағы Бас консулдығы Олег Борецкийдің киноклубымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Фестиваль бағдарламасы бойынша онда  "Соңғы монтаж, ханымдар мен мырзалар!" ("Final Cut: Hölgyeim és uraim", 2012), "Мефисто" ("Mephisto", 1981), "Қалың дәптер" ("A nagy füzet", 2013) тәрізді үздік туындылар көрерменге ұсынылады.


Бұл көрсетілімдер «Цезарь» кинотеатрында ұйымдастырылады. Барлық картиналар түпнұсқа тілде орыс тіліндегі субтитрімен беріледі, деп хабарлайды kinostan.kz.

Перейти к новостям спорта