Қазақстандық дизайнерлер Бакуде өтетін сән апталығына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дизайнерлер Бакуде өтетін сән апталығына қатысады

Қазақстандық дизайнерлер Бакуде өтетін сән апталығына қатысады

1 және 14 мамыр аралығында Бакудегі Fairmont Baku, Flame Towers қонақ үйінде алғашқы ресми әзербайжандық сән апталығы өтеді.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Төрт күн ішінде сән индустриясының әзербайжандық және халықаралық жас дарындыларының көрсетілімдері, таныстырылымдары, көрмелері мен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Шараға сән индустриясының шетелдік сарапшылары, ірі сән дүкендерінің иелері, жергілікті және шетелдік журналдар мен PR-агенттіктердің өкілдері қатысады.


Жергілікті дизайнерлермен бірге апталыққа Қазақстан, Ресей, Грузия, Франция және Италия дизайнерлері қатысады. 
Сән апталығы аясында фотографтар мен журналистерге арналған арнайы шеберлік сағаттары мен тренингтер өтеді. Сондай-ақ IMAXPark Сinema кинотеатрында Dior сән үйі туралы деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды day.az.

Перейти к новостям спорта