«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» эпикалық блокбастері қазақ тiлiнде көрсетiле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» эпикалық блокбастері қазақ тiлiнде көрсетiле бастады

«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» эпикалық блокбастері қазақ тiлiнде көрсетiле бастады

«Кек алушылар Альтрон дәуірінде» аңызға айналған MARVEL батырлары қазақ тілінде сөйледі! 

  • 23 Сәуiр 2015
  • 1106
Фото - Caravan.kz

«Кек алушылар Альтрон дәуірінде» фильміне дубляж жасалып, қазақ тіліне дыбысталды. Дубляждың режиссері Тимур Балымбетов. Ескерте кетейік, кек алушылар дубляжы «Тимурдың екінші жобасы», ол бұған дейін 2014 жылдың жазында үлкен экранға шыққан «Галактика сақшылары» фильмін сәтті дубляждаған болатын.

Голливудтық ару, талантты актриса және Кек алушылар туралы экшн-скивел жұлдызы Скарлетт Йоханссон атақты әнші Мақпал Исабекованың даусымен сөйлейді.

Фильмнің басты кейіпкерлері Жасұлан Байсалбеков (Алтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк – Темір адам), Ерғали Түлебаев (Америка капитаны), Бақытжан Жармұхамбетов (Сокольный глаз), Самат Қордабаев (Халк) сияқты талантты актерлердің үнімен сөйлейді. Айта кетейік, Самат Қордабаев КТК арнасынан көрсетіліп жатқан «Қарадайы» түрік телехикаясын да дыбыстайды. Сонымен бірге дубляжға, жобаларға тұрақты қатысып келе жатқан, Бағанашыл кенті №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері атсалысқаны қуантарлық жағдай.

Қазақ тілінде дыбысталған фильм көрерменді бірден баурап алып кетті. Актерлерлік шеберлік мықты болды. Актерлердің профессионалды, шынайы түрде ойнағандары көзайым көрермендерді сендірді. Фильмнің басынан бастап оқиға желісіне бірден кіріп кетесін. Түпнұсқадағы дыбыстармен актерлердің үні бір-біріне сәйкес келіп, ешқандай айырмашылық байқалмайды. Шетел актерлерін қазақша сөйлетіп, фильмді қазақыландыра түскен. 

Фильмге қысқаша тоқтала кетсек, фильм кейіпкері Тони Старк өзінің Щ.И.Т. ұйымы жұмысын тоқтатқан соң әлемдегі тыныштықты сақтайтын жасанды сана ойлап табады. Алайда ол кенеттен істен шығып, адамзат қауіп-қатермен бетпе-бет кездеседі. Адамзатты табиғаттың қателігі санайтын жаңа зұлым күш иесі Альтрон адамдарды жоюды мақсат етеді. Кек алушылар командасы Америка капитаны (Крис Эванс), Тор (Крис Хемсворт), Халк (Марк Руффало), Қара жесір (Скарлетт Йоханссон) және Қыран көз (Джереми Реннер) адамзатты сақтап қалу үшін қайта бас қосады. 


«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» қазақ тіліне дубляждалған 11-ші фильм және 2015 жылы көрермендерге ұсынылатын голливудтық екінші картина. Фильм көрермендердің көңілінен шықты. Залдағы отырған көрермендердің бәрі сол дәуірге саяхат жасап келгендей күйде болды. «Кек алушылар: Альтрон дәуірінде» фильмі қалың көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 
Перейти к новостям спорта