Қазақстанға бейбіт мақсатпен келген адам бұл қасиетті жерден бақыт табады - Н.Кагадий - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға бейбіт мақсатпен келген адам бұл қасиетті жерден бақыт табады - Н.Кагадий

Қазақстанға бейбіт мақсатпен келген адам бұл қасиетті жерден бақыт табады - Н.Кагадий

2 мамыр күні «Астана Опера» театрында «Елім менің - Қазақстан!» атты концерт өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен. 

  • 29 Сәуiр 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz


Концерт бағдарламасы сан алуан ұлттардың мәдениетін паш ететін шығармалардан тұрады. Онда музыкалық композициялар әртүрлі тілде шырқалады. Тыңдарман назарына қазақтың халық әні «Алқоңыр», украин халқының «Їхав козак за Дунай» әні мен «Гопак» биі, П. И. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетіндегі орыс және қытай билері ұсынылады. 
«Жанға жайлы да, берекелі Қазақстанға бейбіт мақсатпен келіп, махаббаты мен жақсылығын әкелген әрбір адам бұл қасиетті жерден бақыт тауып, баршаға ортақ шаңырақ астында өмір сүреді, негізгі идеямыз — осыны жеткізу, деді «Астана Опера» театрының режиссері Наталья Кагадий.
Кеште Барсег Туманян, Жәмиля Жарқымбаева, Әлфия Кәрімова, Жанат Шыбықпаев, Салтанат Ахметова, Мейір Бәйнешов, Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Болат Есімханов, Айзада Қапонова, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Елена Ганжа сынды театр солистері, сондай-ақ, «Астана Опера» театрының хоры, симфониялық оркестрі және балеттік труппасы өнер көрсетеді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов дирижерлық етеді.

Перейти к новостям спорта