Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Шығыс Қазақстан облысы судьяларының жұмысы жоғары бағаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Шығыс Қазақстан облысы судьяларының жұмысы жоғары бағаланды

Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Шығыс Қазақстан облысы судьяларының жұмысы жоғары бағаланды

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «КТК» телеарнасының «Черный квадрат» бағдарламасының  авторы

  • 14 Мамыр 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Валерий Тараканов облыстық соттың судьяларына, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы Р. Игишеваға  «Детектив Фест» құқық қорғау тақырыбындағы детективті фильмдер мен телебағдарламалардың халықаралық кинофестиваліне үлес қосқандары үшін  дипломдар тапсырды.

Бұл фестиваль Мәскеу қаласында жыл сайын  өткізіледі.  Фестивальге 34 елдің өкілдері қатысты. Кинофестивальге қатысуға 60 көркем фильм, 30 детективті сериал, 150 телебағдарлама, 90 қысқаметражды және деректі таспалар ұсынылған. 

Қазақстан атынан «КТК» телеарнасының редакциясы «Черный квадрат» құқықтық бағдарламасы жобасын ұсынды. Шығыс Қазақстан облысы судьяларының қатысуымен ұсынылған көрсетілімдер байқаудың барлық талаптары бойынша үздік болып танылды.   


«Черный квадрат» бағдарламасы жанрлық номинациясының жеңімпазы атанса, ШҚО мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты судьялары қатысқан бағдарлама «Мир без наркотиков!» аталымында жүлдеге ие болды. 

Бағдарлама авторы Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі  қадағалау алқасының төрағасы А. Рахметулинге (Шығыс Қазақстан облыстық сотының бұрынғы төрағасы) түсірілімнің ұйымдастырылуына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Перейти к новостям спорта