Астана төрінде - «Құнанбай» көркем фильмі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана төрінде - «Құнанбай» көркем фильмі

Астана төрінде - «Құнанбай» көркем фильмі

16 мамыр күні сағат 16.00-де Астанадағы «Қазмедиа орталығының» кино залында «Құнанбай» көркем фильмінің таныстырылымы өтеді.

  • 16 Мамыр 2015
  • 596
Фото - Caravan.kz

Бұл фильмге халқымыздың ұлы ақыны Абайдың әкесі, тарихи тұлға, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірі арқау болған.

Көркем туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы түсірген. Фильмнің сценарийін Досхан Жолжақсынов пен Таласбек Әсемқұлов жазған. Ал музыкасын жазған — Төлеген Мұхамеджанов.

Басты рөлді Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Досхан Жолжақсынов сомдаған.


«Құнанбай» фильмінің таныстырылымына мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр.

Перейти к новостям спорта