Қазақстандық әнші Болгарияда өткен халықаралық байқауда жүлделі орыннан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әнші Болгарияда өткен халықаралық байқауда жүлделі орыннан көрінді

Қазақстандық әнші Болгарияда өткен халықаралық байқауда жүлделі орыннан көрінді

Халықаралық "Discovery" ән байқауында Қазақстандық әнші Нұрсұлтан Қарабалиев 3 орын алды.

  • 19 Мамыр 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы агенттігімізге әншінің продюсері Мейіржан Әлиакбаров хабарлады.

Байқау 15 мамыр күні Болгарияның Варна қаласында өтті. 15 елден 17 өнерпаз қатысқан өнер додасына Қазақстанның атынан барған Нұрсұлтан Қарабалиев Ризабек Нүсіпбекұлының сөзіне жазылған Нұрғали Алинұрдың « Аңсарым» әнін орындаған болатын. Қазылар алқасы бір ауыздан Нұрсұлтанды үшінші орынға лайық деп таныды.

Екінші орынды Испаниялық әнші Sira Mayo иеленсе, бірінші орын Хорватиялық Dino-ға бұйырды.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Қарабалиев Македонияда өтетін EURO POP FESTIVAL халықаралық байқауына жолдама алды.


Айта кетейік, Discovery ән бәсекесіне  2004 жылы Алтынай Жорабаева қатысып, бірінші орын алған болатын.

5

2 3 4  

Перейти к новостям спорта