Астана әкімінің атынан үздік мәдениет қызметкерлері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімінің атынан үздік мәдениет қызметкерлері марапатталды

Астана әкімінің атынан үздік мәдениет қызметкерлері марапатталды

21 мамырда елордада мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында «Қазақстан» орталық концерт залында қала басшысы Әділбек Жақсыбековтың атынан

  • 22 Мамыр 2015
  • 576
Фото - Caravan.kz

үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар тапсыру рәсімі және мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет басқармасынан.

Әкім атынан Алғыс хаттарды Мәдениет басқармасының басшысы Б.Мажағұлов табыс етті.

— Бұл күн шығармашылық мамандық иелерін, мәдениет қайраткерлерін біріктіреді. Мәдениет саласының дамуы ұрпақтар мен халықтар арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелейді. Барлық мәдениет қызметкерлеріне табанды еңбектері үшін алғыс айтамын, — деді Болат Мажағұлов.

Сонымен қатар мерекелік шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерейтойлық медальдары табысталды.


Мәдениет қызметкері күніне арналған мерекелік концертте Бүркіт, «Жігіттер» тобы, Күлиям Қайырбаева және «Лашын» тобы сынды өнер жұлдыздары ән шырқады.

Айта кетейік, жыл сайын мамырдың 21 күні елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.

2 3 4 5 6

Перейти к новостям спорта