Үздік анимациялық өнерді дамыту үшін бірқатар талантты жастар «Болашақ» арқылы оқуға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік анимациялық өнерді дамыту үшін бірқатар талантты жастар «Болашақ» арқылы оқуға жіберілді

Үздік анимациялық өнерді дамыту үшін бірқатар талантты жастар «Болашақ» арқылы оқуға жіберілді

Үздік анимациялық өнерді дамыту үшін бірқатар жастар «Болашақ» арқылы оқуға жіберілді.

  • 25 Мамыр 2015
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Ұлттық анимациялық студия мен документалистика студиясын құру маңызды бағыт ретінде белгіленіп отыр. Анимация ұлттық ерекшелікті жарқын образда жеткізуге қауқарлы. Анимациялық өнердің басты мақсаты — өскелең ұрпақ арасында құндылықтарды кеңінен таратуға негізделген мультипликациялық фильмдерді құру», — деді министр.

Ұлттық анимацияның студиясын құру мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп жүргеніне тоқталған ол, «анимация бойынша үлкен жоспарлар бар. Бірақ, бұл жұмыстарды іске асыру оңай шаруа емес. Себебі, бірнеше жылдан бері осы салада кадрлардың жетіспеушілігі кедергі болып тұр. Саладағы режиссерлер жоғары дәрежелі болуы керек. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасымен бірқатар талантты жастарды оқуға жібердік», — деді министр.


Перейти к новостям спорта