Ауғанстанда жойқын жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда жойқын жарылыс болды

Ауғанстанда жойқын жарылыс болды

Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Забуль провинциясында жойқын жарылыс болды. Салдарынан бес адам жан тапсырып, тағы 62 адам жарақат алды, деп хабарлайды АП агенттігі.

  • 25 Мамыр 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz


Жергілікті билік таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға әкімшілік ғимараты маңында болған. Қаңтарылған көліктегі жарылғыш затты жанкештілердің бірі іске қосыпты.
жарақат алғандардың арасында балалар мен әйелдер де бар.
Билік өкілдері қаза тапқандар саны алдағы уақытта артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Теракт үшін жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.