«АDEM-1» сауда үйінің саудагерлері істі тергеуді прокуратураға тапсыруын өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АDEM-1» сауда үйінің саудагерлері істі тергеуді прокуратураға тапсыруын өтінді

«АDEM-1» сауда үйінің саудагерлері істі тергеуді прокуратураға тапсыруын өтінді

«АDEM-1» сауда үйінің саудагерлері істі тергеуді прокуратураға тапсыруын өтініп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан баспасөз клубында берген сұхбатында заңгер Василий Резван айтты.

  • 25 Мамыр 2015
  • 464
Фото - Caravan.kz

Оның ойынша, аталған іс қалалық ІІД құзырынан алынып, прокуратураның өндірісіне тапсырылса, тергеу жұмыстары тез әрі тиімді жүргізілмек.

«Біз заңгер бола тұра бұл істі қандай тергеушіге берілгенін білмейміз. Біздің білеріміз, арнайы тергеу жедел тобы құрылған. Бірақ, ол топтың жетекшісі кім. оны бізге ешкім айтпай жатыр. Қазір біз жапа шегуші ретінде кімнің атына арыз жазарымызды да білмейміз. Сондықтан  Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңына сәйкес прокуратураның басшылығымен жедел тергеу тобын құруды сұраймыз. Бұл жерде әңгіме арнайы прокурор туралы. Бұл ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде қарастырылған. Бұл тергеу процесін тездете түсеріне сенімдіміз», — деді құқық қорғаушы Василий Резван.

Айта кетейік, Алматыдағы «АDEM-1» ірі сауда орнында  26 сәуірде түнгі он бір шамасында өрт шыққан болатын. Қызыл жалын 25 мың шаршы метрді шарпыды. Төтенше жағдай салдарынан 2 мың кәсіпкердің 3 мыңға жуық дүңгіршелі өртеніп кетті. Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүріп жатыр.


Тергеу жұмыстары басталғалы бері  «АDEM» сауда үйіндегі өртке байланысты 640 адам полицияға шағымданған. Сақтандыру компаниясының өкілдері өрттен келген шығын 5,3 млрд теңге болуы ықтимал деп отыр.