Алматы облысында 15 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 15 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды

Алматы облысында 15 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Алматы облысындағы 735 мектепте 15 мың оқушы үшін оқу жылының аяқталғанын және жазғы демалыстың басталғанын білдіретін соңғы қоңырау соғылды.  

  • 25 Мамыр 2015
  • 659
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Амандық Баталов барлық оқушыларды мерекемен құттықтады және Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болды.

«Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — мектеп бітіруші түлектерге даңғыл жол, жаңа мүмкіндіктер ашатын жарқын мереке.  Бүгінгі күні облыстағы 356 түлек — «Алтын белгіге» үміткер, 162-сі — халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен ғылыми-зерттеу жобаларының жеңімпаздары.  Олардың арасында, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, сіздер де барсыздар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың ел тірегі екенін естен шығармай, үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Әрқайсыларыңызға өмірде өз жолдарыңызды тауып, жоғары білікті маман, өз ісінің шебері болып, Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосуларыңызға тілектеспін, — деді өңір басшысы осы білім орбасындағы жиында.

Бұдан соң мектептің үздік оқушылары марапатталды. «Жыл оқушысы» аталымы бойынша Ратмир Сартбаев, Талғат Бек, Әділ Сайлыбеков, Павел Мацко, Андрей Козлов жеңімпаз атанды. Олар — халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері.  Сол сияқты «Жылдың үздік сыныбы», «Жылдың үздік шаңырағы» аталымының жеңімпаздары да марапатталды.

Облыс басшысы А. Баталов мектептің бірнеше оқу сыныбын, зертханасы мен кабинеттерін аралап көріп, материалдық-техникалық базасымен танысты. 


Мектептегі оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мектеп директоры Гүлайым Байжикенова баяндады.

Жалпы Назарбаев зияткерлік мектебінде 722 оқушы білім алады. Мектеп ішінде балабақша бар, онда 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 5 топқа біріктірілген. Биылғы жылы  97 оқушы бітіреді. Олардың арасында «Алтын белгіге» үміткер — 8 оқушы, үздік аттестат алатын — 3 түлек бар. Оқу жылы бойы 230 оқушы түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысып, 74-і медальдарға ие болған. 32 оқушы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен конкурстардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанған. Сол сияқты оқушылар спорттық, би, вокалдық жарыстарға да белсене қатысады. Биылғы жылы бұл бағытта НЗМ оқушылары 23 медаль алған.

15 тысяч школьников 15 тысяч школьников 15 тысяч школьников 15 тысяч школьников