Нұрлан Смағұлов Жаңа Зеландияның Қазақ­стандағы құрметті консулы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Смағұлов Жаңа Зеландияның Қазақ­стандағы құрметті консулы атанды

Нұрлан Смағұлов Жаңа Зеландияның Қазақ­стандағы құрметті консулы атанды

Белгілі бизнесмен, «Астана Групп» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы атанды.

  • 26 Мамыр 2015
  • 1061
Фото - Caravan.kz


«Астана Моторс» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімде Жаңа Зеландияның Ресей мен Қазақстандағы елшісі Хемиш Купер Н.Смағұловқа өз елінің СІМ-нің тиісті шешімін табыстады.
Х.Купер Жаңа Зеландияның Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
«Біздің елдеріміз арасында толыққанды дипломатиялық байланыстар орнаған. Дегенмен, құрметті консулдықтың ашылуы екі жақты байланыстарды нығайтуға қосымша серпін береді», — деді дипломат.