Декретте отырған келіншектердің бизнеске келуіне мүмкіндік бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Декретте отырған келіншектердің бизнеске келуіне мүмкіндік бар

Декретте отырған келіншектердің бизнеске келуіне мүмкіндік бар

Еліміздің ең белсенді аналары арнайы марапатқа ие болады. «Anashym Forum Awards» сыйлығы бала күтімімен еңбек демалысында отырса да, қоғам өміріне қомақты үлес қосып жүрген әйелдерге арналған.

  • 27 Мамыр 2015
  • 259
Фото - Caravan.kz

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаға 28 ана қатысуда. Барлығы да әлеуметтік, қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, өнер мен мәдениетте көзге түсіп жүрген жандар. Олардың арасынан жеңімпаздарды қалың жұрт әлеуметтік желілер арқылы таңдауы тиіс. Жүлдегерлер «Инста ана», «Блогер ана», «Медиа ана» секілді 7 аталым бойынша анықталмақ. Дауыс беру 30 мамырға дейін жалғасады.

Дина Төлепберген, жоба ұйымдастырушысы:

— «Анашым» форумы бұл айбынды аналарға арналған ашық алаң .Біздің айтпағымыз, декретте отырып та қоғам өмірінде белсенділік танытып немесе жаңа істі бастауға, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар.