«Жас қанат-2015» республикалық конкурсының жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жас қанат-2015» республикалық конкурсының жеңімпазы анықталды

«Жас қанат-2015» республикалық конкурсының жеңімпазы анықталды

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 24-ші «Жас қанат» республикалық конкурсының финалы өтті.

  • 1 Маусым 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Жас орындаушылардың додасында Көкшетау қаласының атынан қатысқан Ринат Теміржан жеңіске жетті. Ол сондай-ақ, бас жүлдемен қоса елорда әкімінің ақшалай сыйлығын да қанжығаға басты.

Екінші және үшінші орынды қарағандылық Лаура Айтбаева мен астаналық Сұлтан Ахмет иеленді.

Биыл 15 қатысушының финалға тек алтауы ғана жетті. Олар: астаналық Еркебұлан Тұрмахамбетов пен Сұлтан Ахмет; қарағандылық Лаура Айтбаева; Екібастұз қаласының атынан қатысушы Айбар Ашкеев; Степногор қаласының өнерпазы Владимир Новиков; сондай-ақ, көкшетаулық әрі осы конкурстың жеңімпазы болған Ринат Теміржандар еді.

Айта кетейік, конкурстың ұйымдастырушылары — «Хабар» агенттігі, Астана қаласының әкімдігі және «Азия дауысының» дирекциясы.


3

4

Перейти к новостям спорта