Андрей Малахов: Қайрат Нұртас «Қазақстанның үздік әншісі» атануға лайық - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Андрей Малахов: Қайрат Нұртас «Қазақстанның үздік әншісі» атануға лайық

Андрей Малахов: Қайрат Нұртас «Қазақстанның үздік әншісі» атануға лайық

Ресейлік белгілі тележүргізуші Андрей Малахов «МУЗ-ТВ» шарасының «Қазақстанның үздік әншісі» аталымында Қайрат Нұртастың жеңгенін қалайды.

  • 5 Маусым 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол бүгін өткен ОКҚ брифингінде айтты.

«Шара аясындағы «Қазақстанның үздік әншісі» аталымы бойынша дауыс беру аяқталып қойды, бірақ әзірге нақты нәтижесі белгісіз. Сондықтан мен өз ойымды айта берсем, ештеңе етпейтін болар. Менің ойымша, қазақстандық әншілердің ішінде үздіктерінің бірі — Қайрат Нұртас. Мен соның жеңгенін қалаймын. Және оның әндері Ресейде танымал бола түссе екен деймін», — деп атап өтті ол.


Айта кетейік, «Қазақстанның үздік әншісі» атағына «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дуғалова ұсынылған.
Дауыс беру қорытындысы бүгін кешке «Астана Арена» стадионында белгілі болады.

Перейти к новостям спорта