Б.Сапарбаев СҚО-дағы Абылай хан мұражай кешенінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Сапарбаев СҚО-дағы Абылай хан мұражай кешенінде болды

Б.Сапарбаев СҚО-дағы Абылай хан мұражай кешенінде болды

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев келді.

  • 5 Маусым 2015
  • 813
Фото - Caravan.kz


Алдымен Бердібек Сапарбаев Айыртау ауданындағы республикалық маңызы бар «Ботай қонысы» ескерткішіндегі «Ботай» мұражай кешеніне соқты. Ботай қонысын СҚО археологиялық экспедициясы 1980 жылы анықтап, зерттеген. Жоба аймақ ландшафтын ғылыми тұрғыда зерттеу мен аймақтың көне тарихын қайта құруға бағытталған. Жобаны тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт басқарады.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Б.Сапарбаев Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында болды. Мұнда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Ауыл 2009 жылы құрылған. Қазір мұнда 1536 адам тұрады. Аудан мектептерінде 315 бала білім алады, 22 бала интернатта тұрады, олардың 293-і күн сайын білім ордасына жеткізіледі. 
Ауылда балабақша, аурухана жоқ. 1500-ден астам халқы бар «Бәйтеректегі» екі медициналық пункт жеткіліксіз. 
«Балабақша тек облыстық деңгейде ғана салынады. Республикалық бюджеттен ақша бөлу үшін бала саны 300-ден асуы тиіс. Мектепке қатысты айтар болсақ, құрылысты бастаңдар», — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Осы күні елдің Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Ерік Сұлтанов Абылай хан мұражай кешеніне барды. Бұл Петропавлдың негізгі көрікті жерлерінің бірі. Ол жерде Қазақ хандығының қалыптасу тарихы мен ұлы билеушінің өмір тарихы сақталған. Экскурсия мұражай ғимараты туралы әңгімеден бастау алды. Ғимараттың салынғанына екі ғасырдай уақыт өткен.

Бердібек Сапарбаев пен Ерік Сұлтановтың назарына сол кезеңдердегі ерекше тұрмыстық заттар көрсетілді. Экскурсия ерекше әсер қалдырды. Бұл жайында Б.Сапарбаев қонақтарға арналған кітапшаға жазды. Оған өз қолтаңбаларын қалдырған көрнекті адамдардың ішінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
 3 4 5 6 8 7 9 10 11 12 13

Перейти к новостям спорта