Елімізде жүздеген туристік агенттіктер банкротқа ұшырауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жүздеген туристік агенттіктер банкротқа ұшырауы мүмкін

Елімізде жүздеген туристік агенттіктер банкротқа ұшырауы мүмкін

Елімізде шетелге ұшу далада қалғанмен бірдей болғалы тұр. Себебі тағы 120-дан астам туристік агенттік банкротқа ұшырауы мүмкін.  Мұндай болжам расталса, нарықтағы жағдайды одан бетер ушықтырып жіберуі ғажап емес.

  • 17 Маусым 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

Ал мыңдаған адамды Түркияда тентіретіп жіберген атышулы «Travelsystem»  оқиғасынан кейін заңға өзгеріс енбек. Туристік агенттердің қауымдастығы  шетелге демалатын адамдардың өзін сақтандыруды ұсынып отыр. Бұған дейін бұл міндетті агенттіктер атқаратын. Бірақ, сақтандыру компаниялары жекелеген саяхатшылармен келісім жасаудан қашқақтайды. «Travelsystem»-нің алаяқтыған кейін жұрт та туристік компанияларға сенуден қалған. Мұның соңы банкротқа соқтыруы әбден мүмкін.

Денис Кривошеев, Туристік агенттіктер қауымдастығының төрағасы:

-Компаниялардың жауапсыздығынан  турист қана зардап шегеді. Сондықтан адамдарды сақтандырсақ, ұшу, оралу, ақша жағынан ешқандай мәселе туындамас еді.