Ақтөбеде сақтандыру компаниялары шаруалармен жұмыс істегісі келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде сақтандыру компаниялары шаруалармен жұмыс істегісі келмейді

Ақтөбеде сақтандыру компаниялары шаруалармен жұмыс істегісі келмейді

Ақтөбе облысында сақтандыру компаниялары шаруалармен келісім-шартқа тұрудан бас тартып жатыр. Себебі соңғы бес жыл ішінде кәсіптері тұралаған егіншілердің кесерінен шаш етектен шығынға батқан.

  • 17 Маусым 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Диқандар шегірткенің шабуылы мен құрғақшылықтан соңғы жылдары дұрыс өнім алмапты. Есесіне өткен жылы сақтандыру компаниялары шаруаларға 328 миллион теңге өтеген. Ал олардың ауыл шаруашылық саласына сатқан полистері не бары 65 миллион теңгені құрапты. Шығындары осылай бес есеге артқан. Ірі сақтандыру компаниялары ақтөбелік шаруалардан өздерін аулақ ұстағылары келгенімен, олардың орындарын шағын фирмалар басуда. Бірақ олар салымшыларына әлі күнге дейін көк тиын да ұстатпаған. Сондықтан прокурорлар осы мәселені реттеуді Үкіметтен сұрап отыр.

Мұратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

-Сақтандыру компаниялары көбінесе Ақтөбеден мынау ауыл шаруашылық субъектілерімен бұндай шарттар түзуден бас тартып отыр. Бұл мәселені көтеріп бас прокуратура тарапынан өздері үкіметке тиісті хат жолдау арқылы мәселені шешу үшін хат жолдадық.