Полиция таратқан жалғыз суретте, күдікті ешкім танымасыүшін бірыңғай қара түсті киім киіп алған. 35 жастағы Арман Әбілтаевты «Арлан» жасағының сарбаздары түнде далада ұстапты. Осыған қарағанда, түнделетіп жасырын пәтеріне келе жатқан болуы керек. Кезінде күші тасығанымен қазір жуасып қалған Әбілтаев бірден бастығы Жамалиев отырған изоляторға қамалды. Енді ерке тоқал үшін 24 жастағы Әліби Жұмағұловты жабылып ұрған үшеу сот алдында бірге жауап беретін болады. Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытковқа қатысты процесс жабық жағдайда өтіп жатыр.