Алматы облысында қырғызстандық азаматтарды құлдықта ұстағандар жауапқа тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қырғызстандық азаматтарды құлдықта ұстағандар жауапқа тартылады

Алматы облысында қырғызстандық азаматтарды құлдықта ұстағандар жауапқа тартылады

Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасының Бас консулдығының қызметкерлері

  • 17 Маусым 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңындағы егіс алқаптарының бірінде ешбір құжатсыз еңбек етіп жүрген Қырғызстанның 9 азаматын анықтаған. 

Қазақстанның құқық қорғау органдарының көмегімен аталған азаматтардың Қырғызстанның Шу облысы мен Бішкек қаласынан Шу өзені арқылы заңсыз өткізіліп, егіс алқаптарында тегін еңбек етуге мәжбүрленгендері анықталды, деп хабарланған Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтында. 
Егістік иелері олардың құжаттарын Қырғызстанда жүргендерінде-ақ алып қойып, қашып құтыла алмайтындарын айтып, қоқан-лоққы көрсеткен. Кейінірек анықталғандай, бұл жерде жалпы саны 17 қырғызстандық азамат тегін еңбек етіп жүрген. Алқап иесі оларды арықтар мен қамыс арасына жасырып үлгерген. 
«Қазіргі кезде Қырғызстанның Бас консулдығының сұрауы бойынша аталған іске қатысты Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Заңсыз мәжүрблеп еңбекке тарту, азаматтардың құжаттарын алып қою, сонымен қатар шекарадан оларды заңсыз өткізуге айыпты деп танылып отырған тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада. 
Табылған қырғыз азаматтары оларға өз отандарына оралғанға дейін қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін уақытша Алматыдағы оңалту орталықтарының біріне орналастырылды.